Қаланың үш аймағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Титов қыстағында өткен жәрмеңкеге Жалағаш ауданының шаруалары 60 көлікпен өнім әкелсе, Қазалы ауданының шаруалары «Шұғыла» мөлтек ауданында өткен жәрмеңкеде 8 тонна күріш, 30 тонна картоп, 3 тонна ет пен балық өнімдері, 10 тонна бақша, 7 тонна асқабақ, 2 тонна сүт өнімдері, 11 тонна көкөніс пен жемістер, 1 тонна «Қазалы» кәмпиттерін ұсынды.
Келесі жәрмеңке Астана даңғылының бойында Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтті. Жаңақорғандық диқандар 25 жүк көлікке тиелген 130 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді.
Сыр диқандарының өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!