Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бауырға арнау

14.10.2024, 18:31 398

Арда азамат, елден бөлек, өзгеше еді туымың,

Көзің ашық, мейірбанды, зерек еді-ау көңілің.

 Бес жыл болды кеткелі, кемесімен келместің,

Қыршын-ғұмыр, амал қанша, қылды керек Құдайым,

Сонадай көзін алған артыңда қалды ботаң,

Күлген болад(ы), байқаймын, көңілі жұтаң.

Жастығыңды иіскеп тұншыққан жар,

Әр күні күрсінеді, көкірегінде – у, запыран.

Сырғиды уақыт, өтті сенсіз бес көктемім,

Кейде келед(і) айқайлағым, өртенердей өкініштен өзегім.

Елестейді дәл сол қалпы, топырақ басқан нұр-бейнең,

Жан іздеймін ақыл сұрар, кейде жетпей төзімім.

Асқаралы алпысын тойлап жатыр достарың,

Ал сен жатсың, суық қабір болып мәңгі мекенің.

Жалғыз мәрте берсе Аллам мүмкіндік,

Көрер едің, сағынғанын, қимай сені жатқанын.

Көзімде-жас, қарып мұзы кеудемді сағыныштың,

Жан бауырым, баса алмадым көңілімнің солығын.

Жұтаған жан тоймақ емес дәміне шүкірліктің,

Тоқтатам тек, «тәубә» деп, мұң-қайғының арынын.

Тірілгендей өлгенің, немерең кеп, жанды енді өшкенің,

Мұңды күн мен өткеннің сыпырып тастап қамытын.

«Уақыт – емші», шүкір етіп барына қанағат пен сабырдың,

Жанұшыра ұмтыламыз өмір-көштің соңынан.

Қараман Айша

Пікірлер:
  • Асыл да ардақты ағамыздың келместің кемесінде кеткеніне биыл 5жыл. Әттең, қамшының сабындай қысқа ғұмыр -ай! Балаларының жақсылық тойын да көре алмады. Аллаға шүкір артындағы ұл қыздары тәрбиелі, тәртіпті боп өсіп келе жатыр. Анар жеңгем бар жақсылықты балаларымен бірге көруді нәсіп етсін Аллам! Айша тәтемнің Бауырына деген сағыныштан туған төл туындысы көпке қатты әсер қалдырды.Жаның жаннатта шалқысын, жан бауырым!

  • Бауырымның бауырына арнап жазған арнауы жанымды тебірентіп жүрегіммен жылап алдым. Әттең, өмірінің қысқа болғаны-ай. Тағдырдың жазуына не шара…
    Қалғандарына жүрім берсін.Ендігі жерде басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын деп тілейік

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: