Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

01.10.2024, 9:20 212

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн 1991 жылдан бастап дәстүрлі сипатта атап өтіледі. Қарт кісіні – құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі. Қазыналарымызға құрмет көрсету ықылымнан қанымызға сіңген қасиет. Олардың алғысын арқалап, батасын алуға асығамыз. Себебі, қариясын сыйлаған жанға қасиет қонары һақ. Мереке қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына батагөй ақсақал Жеткерген Нұрқабылов келіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

– “Батамен ел көгерер” деген бар. Баталарды өз жанымнан құраймын. Торқалы тойға, асқа, екі жастың қуанышына арнайы бата жазамын. Бұл баталарды өзім жатқа білемін. Көп адамдар “қалай жаттап аласыз?” деп жатады. Бата шығаруда әр сәт ми қозғалыста болғаннан кейін, жаттауға да оңай болады. Үлкеннен бата алғанның жаманы болмайды. Жақсы сөз деген жақсы көңілден, дұрыс пейілден шығады,- деді Жеткерген Нұрқабылов.

Брифинг барысында Жеткерген ақсақал “батаны кім берген дұрыс?” деген сауал төңірегінде орамды ойын орта салды.

– Көп жиналған жерде батаны ер адамның бергені дұрыс. Негізі, ер-азамат отырған жерде жасы қанша үлкен болсын, әйел адам бата бермейді, – деді ақсақал.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: