Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыр – қазына, күй – күмбез

23.09.2024, 10:15 158


Алматы қаласындағы Қызылорда облысының өнер күндері «Жыр – қазына, күй – күмбез» атты концертімен қорытындыланды.

Өнер мерекесінде кәсіби өнер иелерінің шоғырына айналған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі әлем классиктері мен қазақ композиторларының шығармаларын орындады.

Оркестрге «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев және Руслан Балмасов жетекшілік етті.

Сыр елінің ұлттық брендіне айналған төрт мектептің мақам-саздарынан құралған топтамада домбырамен, сырнаймен, қобызбен жыр айту дәстүрі де қамтылды. Сыр бойы жырлаулық дәстүрдің ізбасарлары Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Руслан Ахметов, Марат Сүгірбай жырдан шашу шашты.

Концерттік бағдарламада Сырдың жас ақындары, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, облыстық,республикалық жыр мүшәйраларының лауреаттары: Ақжол Түменбай, Мақсат Дауылбай, Аружан Оралбай да өнер көрсетті.

Қазіргі таңда Сырдың дәстүрлі өнерімен қатар, классикалық музыка жанры да өз биігінен орын алды.
Қазақтың ән өнерін әлемдік сахналарда насихаттап жүрген Самал Байсейтова, Ақылбек Табынбаев, Мағжан Аманжолов қазақ классиктерінің шығармаларын орындады.

Ұлт құндылығының бағдары болған өнеріміз өрлей берсін!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: