Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

COVID-19: Қызылордалық 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

25.05.2020, 11:09 575

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Оның 4-еуінің жағдайы ауыр болса , 1-еуінің халі мүшкіл, жасанды аппаратқа қосылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы облыста коронавирус инфекциясы 296 адамнан анықталған. Ал сауығып шыққандар саны – 227.

– Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 6 жағдайы тіркелді. Оның 4-еуі індет жұқтырғандармен байланыста болса, 1-еуі скринингтеу кабинетінен , ал 1-еуі Түркістан облысынан келген азаматтан анықталды, -деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус анықталған адамдармен 3856 азамат байланыста болған. Оның ішінде, 2151-і жақын қарым-қатынаста, 1705-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 71 адам ем алуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: