Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Конституция күні аталып өтті

31.08.2024, 15:10 99

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Конституция күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, жерлестерін мерекемен құттықтады. Сыр өңірі жұртшылығы тәуелсіздік пен тұтастықтың кепілі ретінде ел бірлігін бекемдеген, тұрақтылық пен татулықтың тұтқасы болған Ата Заң қабылданған күнді айрықша атап өтті. Мерекелік шарада Өнер орталығына жиналған 1000 адам Мемлекеттік Әнұранды орындады. Қасиетті Отанымыздың, туған жеріміздің, еңбекпен есейген ерлердің даңқын асқақтатқан Әнұранымыз көкке қалықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мереке. Ата Заңымыз – мемлекеттігіміздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат. Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орындалса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығады», – деген болатын. Президентіміздің бастамасымен өткен референдумда халық ауқымды конституциялық реформаға бірауыздан қолдау көрсетті. Ата Заңға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару моделін жаңғыртуға бірден-бір негіз болды. Халқымыздың әл-ауқаты артып, ел экономикасы одан әрі дамыды. «Әділетті Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар, тиімді әрі өркениетті мемлекет құру. Бүгінде егемен елімізде, сонымен қатар, өңірімізде барлық салада нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Президентіміздің қолдауымен облыс, аудан орталықтары қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістер ордасына айналды. Аймақта 187 нысанның құрылысы салынуда. Бұл бастамалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, сапалы білім, қолжетімді медициналық қызмет алуына, жайлы тұрмысқа қажетті игіліктерді пайдалануына бағытталған», – деді аймақ басшысы.

Салтанатты іс-шарада өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа марапат табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: