Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация есебіндегі 6 сотталған квотамен жұмысқа орналасты

19.08.2024, 16:45 123

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам азамат есепте тұрады. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында қала әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота белгіленген. Бүгін сол квота есебінен 6 сотталған жұмысқа орналасты.Олар «Қызылорда Тазалығы» ЖШС- не жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты.

– Сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткіземіз. Пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда болады. Қызметкерлер есептегі әрбір азаматтың тұрғылықты мекенжайынан күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда республикалық «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында есептегі сотталғандар мобильді жұмысшы топпен тексерілуде. Осы 3күн ішінде 300-ден астам есептегі сотталғанның мекенжайынан тексеріліп, профилактикалық сұхбат жүргізілді, – деді әділет майоры Фариза Сембаева.

– Мен пробация қызметінің қолдауымен квота арқылы «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не жұмысшы боп орналастым. Жұмысы жоқтық адамды аздыратынын білесіздер. Соны ескерген пробация қызметінің қызметкерлері біз секілді есептегілермен тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Қайта қылмыс жасамауымызға, отбасымызға көмектесуге, мақсат қоюға жігерлендіріп отырады. Бұдан былай адал еңбек етіп, дұрыс жүруге бекіндім, – деді есептегі азамат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: