Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр

10.08.2024, 17:00 178


Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес оған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат төрағасы, басқармалар, аумақтық департаменттер мен республикалық мекемелердің облыстағы филиалдарының басшылары, қызметкерлері қатысты. Экологиялық акция бекітілген өңірлік іс-шаралар жоспары бойынша жалғасын табуда. Жыл соңына дейін өтетін сенбіліктерде атқарылатын жұмыс ауқымы кең. Барлық мекеме қызметкерлері бөлініске сәйкес белгіленген тиісті учаскелерінде жұмыс істейді. Бүгінгі сенбілікте де қаланың әр аумағындағы тазалық шаралары жоспарға сай ұйымдастырылды.

Айта кетейік, акция басталғалы 15 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи-мәдени ескерткіштер, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандар аумағы, өзен, көл, су айдындары, субұрқақтар мен арықтар, аулалар мен көшелер тазартылды.

«Таза Қазақстан» онлайн платформасында операторлар, модераторлар мен орындаушылар тұрғындардан түскен өтініштерді уақытылы қарап, жауабын беруде.

«Таза Қазақстан» телеграм-боты бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қала, аудан әкімдіктерінде де жауапты орындаушылар бар.

Телеграм-бот туралы ақпарат КСК, ОСИ, тұрғын үйлер мен квазимемлекеттік секторлардың, мекемелердің 12 мыңға жуық «Whatsapp», «Телеграм» чаттарына таратылды.

Қоршаған ортаның тазалығы – тұрғындардың ортақ игілігі. Сол себепті барша сырбойылықтарды үй ауласын таза ұстап, экологиялық акцияға үлес қосуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: