Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылмыс жазасыз қалмайды

07.08.2024, 14:55 179

«Ұрлық түбі – қорлық» демекші, мұндай қылмысқа барудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны бесенеден белгілі. Өкінішке орай, кейбір жандар оны білсе де, осындай теріс әрекетке барып жатады.

Мәселен, Арал аудандық сотында өзгенің мүлкін қызметтік үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасырын жымқырып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен айыпталған К-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы К. мәдениет үйіне терезесі арқылы заңсыз кіріп, көрермендер залында тұрған дауыс зорайтқыш колонкаларын, дауыс тазалағыш фильтрін, сондай-ақ дауыс ұлғайтқыш қондырғысын жасырын жымқырып, жәбірленуші ауылдық мәдениет үйіне 650 000 теңге мүліктік залал келтірген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Арал аудандық соты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: