Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалада 74 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

31.07.2024, 8:25 149

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысының тікелей қолдауымен тұрғындарды баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді. Бұған себеп – жыл сайын облыс орталығынан көпқабатты үйлердің көптеп бой көтеруі.

Жалпы, қалада 3 911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 3 139 пәтерлі 58 тұрғын үйі бюджет есебінен, ал 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынды.

– Жыл соңына дейін 7 қабатты 840 пәтерлі 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу күтілуде. Қалада жыл басынан бері 763 пәтер табысталса, 2 500 тұрғын жаңа баспанаға ие болды. Жыл аяғына дейін 1 685 пәтер пайдалануға беріледі. Шаһардағы баспана салу жайы әлі де жалғасатын болады. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта тағы 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – деді қала әкімі Серік Салауатұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: