Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бокс: Капитанның артынан экс-капитан кетті…

30.07.2024, 9:27 266

Фото: Тұрар Қазанғапов

Отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақ дәрежесінде (+92 келі) испаниялық Аюб Гадфа Дриссидеге қарсы жекпе-жек өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы раундта боксшылар аса сақ қозғалды. Аз соққы жұмсап, көбірек бақылады.

Испан боксшысы белсендірек көрінгенімен, төрешілер бұл раундта жеңісті Қамшыбекке берді.

Жеңіліп жатқанын білсе керек, Аюб екінші раунд бастала салысымен ашық төбелеске көшті. Алайда, Қоңқабаев сауатты қозғалып, қарсы шабуылда соққыларын дәл тигізіп отырды. Бірақ, төрешілер бұл раундта испан боксшысы басым болды деп шешкен.

Ал, үшінші раундта Қамшыбек өзі бірінші номерде жұмыс істеді. Оның бүйірден соққан соққылары дәл тиіп, қарсыласын есеңгіретіп тастаған. Соған қарамастан төрешілер испан боксшысы жеңді деп, соның қолын көтерді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: