Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Метеорологтар ең ыстық күнді тіркеді

26.07.2024, 8:20 271

Copernicus климаттың өзгеруі қызметі барлық уақыттағы ең ыстық күнді тіркеді. Айта кетейік: ұйым 1940 жылдан бастап жаһандық ауа райын бақылап келеді. Сонымен, ғалымдар Copernicus-тың жұмыс тарихындағы ең ыстық күнді тіркеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, 21 шілдеде жердегі орташа температура Цельсий бойынша 17,09 градусқа жеткен. Бұл былтыр шілдеде тіркелген 17,08 градус – рекордтан сәл жоғары. Copernicus директоры Карло Буонтемпо жылу толқындары бүкіл әлемге таралып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол осы аптада температураның жаңа рекордтары болуы мүмкін екенін айтты.

Былтыр өте жоғары температураның себебі Эль-Ниньо болды – Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің температурасының ауытқуы. Биылға келетін болсақ, бұл – Антарктидадағы жылынумен байланысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: