Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғын үйлер ыстық сумен қамтамасыз етіледі

25.07.2024, 16:45 208

Облыс орталығын ыстық сумен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Сырдария мөлтек ауданынан бастау алған жұмыстар бүгінгі күні Шұғыла мөлтек ауданында жалғасуда.

Айта кету керек, биыл қалада 187 тұрғын үй ыстық сумен қамтылады. Бұл жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең бойынша 187 үйді орталықтандырылған ыстық сумен қамту үшін мердігер мекеме тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде.

Одан бөлек, мердігер мекеме тарапынан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі (подвал) тазартылып, электр желісі, ауыз су, кәріз, жылу жүйесінің құбырлары жаңартылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: