Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майқайың кенішінде шахтаға құлаған автобус табылды

25.07.2024, 9:50 173

HALYQLINE.KZ

Жыл басында Павлодар облысындағы алтын кенішінде болған қайғылы жағдай барша жұрттың назарын аудартты. Арада жарты жылдан астам уақыт өтсе де іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кеше кешкісін құтқарушылардың автобусы табылды. Қатты жаңбыр жауып, жел тұруына және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда шахтаға құлап кеткен автобустың ішінде төрт құтқарушы болған еді. Олардың екеуінің денесі сол күні табылып, жер қойнына тапсырылды. Кейін бір жарым айға жалғасқан іздестіру жұмыстары қауіптің жоғары болуына байланысты тоқталып, маусым айында қайта жанданды.

19 шілде күні мамандар тағы бір құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесін тапты. Ал 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз.

Дереккөз: inbusiness.kz

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: