Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалғыздық дегеніміз не?

24.07.2024, 11:50 310

HALYQLINE.KZ

* Сізге бірнеше күн бойы қоңырау шалынбаса, ол жалғыздық емес.

Достарыңыз ұмытып кетуі мүмкін.

* Сағаттың дыбысы естіліп тұруы – жалғыздық емес.

Бұл – бос уақыттың көптігі.

* Күтетін ешкімің жоқ – бұл жалғыздық емес.

Бұл – пессимизм.

* Өзіңді толтыру үшін басқа адамдардың өмірін ұрлау – жалғыздық емес.

Бұл – өзіне деген күмән.

* Сөйлесетін біреу болмай, өзіңмен-өзің сөйлесе бастау – жалғыздық емес.

Бұл – ауру.

* Иен үйде жалғыз қалып, күні бойы солқылдап жылау – жалғыздық емес.

Бұл – депрессия.

* Мені ешкім түсінбейді деп ойласаң, бұл – жалғыздық емес.

Бұл – эгоизм.

* Егер үмітің үзіліп ойбайлап бақырғың келсе, бұл – жалғыздық емес.

Бұл – жай ғана азаптану.

* Ешкімге керек болмай қалсаң, бұл – жалғыздық емес.

Бұл – өзін-өзі алдау.

* Жалғыздық – бұл біреулер екі-үш ауыз қарапайым сөз айтпай қойған кезде біз өзіміз ойлап табатын ЖАЙ ҒАНА БІРДЕҢЕ…

Ризашылық білдіретін нәрсе әрқашан, әрқашан, әрқашан бар, бар бола береді. Өміріңнің бірде-бір күніне өкінбе…

Ұша біл, самға! Өзіңді жеңе біл!

Ешкімге ұқсаудың қажеті жоқ! Ешкім де әуелден күшті әрі мықты болған емес! Сен ол – сенсің! Сен біреу ғанасың!

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: