Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кене «келмеске» кетірді

18.07.2024, 16:40 283

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметінше, кенеден кесел жұқтырған Шиелі ауданының егде жастағы тұрғыны екен.

Жыл басынан бері облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 14 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-інде диагноз расталды.

– Арасында балалар да, ересек адамдар да бар. Олар емделіп, қалыпты жағдайға келді, – деді басқарма басшысы.

Облыста індет тасымалдайтын кенелердің ошағы көбейген. Өткен жылы мұндай елді мекендер саны 106 болса, биыл 115-ке жетті.

Фото: sputnik.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: