Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сабырлы болуды қайдан үйрендім?

16.07.2024, 10:30 378

HALYQLINE.KZ

Маған ашуланған, қызғаншақ, сыртымнан ғайбаттаған адамдардан үйрендім.

Мені жаман деп, рақаттанатын адамдардан, жамандаған кезде бірге отырып, ештеңе болмағандай қайта айналдырып оларды ұстап беретіндерден ҮЙРЕНдім.

Солардың арқасында менде шыдамдылық танытуға мүмкіндік болғандықтан, мен оларға әрқашан ризамын. Теріс ойлар сақтау, өзімді қауіпті жау ретінде көру – ол адамға зиян, бірақ мен үшін баға жетпес құндылық.

Сабырлылық жаман карманы тазартып, тежей алатынына сенемін.

Мені ұнатпайтын, мені жек көретін, әрі менің бар болмысым олар үшін ауырсынудың қайнар көзіне айналатын болса, олардың ашуы мен ызасы туралы жағымды ойлана алғандықтан, менің жүрегімде тәтті тыныштық бар.

Егер олар болмаса мен қалай қайдан үйренемін деші…

Ризашылық білдіретін нәрсе әрқашан, әрқашан, әрқашан бар, бар бола береді. Өміріңнің бірде-бір күніне өкінбе…

Ұша біл, Самға! Өзіңді жеңе біл.

Ешкімге ұқсаудың қажеті жоқ! Ешкім де әуелден күшті әрі мықты болған емес! Сен ол – сенсің! Сен біреу ғанасың!

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

«Адам бол» кітабынан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: