Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол-көлік: Жарқын жобалар жетерлік

12.07.2024, 8:30 170

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 580,5 шақырымды құрайды. Оның 1 014,5 шақырымы – республикалық, 555 шақырымы – облыстық, 2 011 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін түрлі жобалар әзірленіп, ұзындығы 266 шақырым құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өткізілуде. Жол желілерін дамытуға қатысты осы және өзге де ақпараттарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов баяндады.

– 2024 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін 92%-ға жеткізу межеленген. Қала аумағындағы көшелерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 205 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық – 71 маршрут, аудандық– 99 маршрут, қалаішілік және қаламаңы – 35 маршрут. Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылған. Сондай-ақ «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 14, Алматыға – 15 рейс және Анталияға – 1 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда,- деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: