Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутаттар әзірлеген заң жобалары артты

20.05.2020, 11:25 669

HALYQLINE.KZ Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста депутаттардың заң шығарушылылық жұмысына баса назар аударылды. Бұл туралы Нұрлан Нығматулин халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау барысында айтты.

– Біз депутаттарымыздың бастамасымен әзірленген тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ерекше айту керек, біздің депутаттардың заң шығару бастамашылығы осы сессияда өте жоғары. Мысалы, 41 Заң жобасына депутаттар өздері бастамашы болды. Алдымызда тағы да оншақты заң жобасы бар, – деді Мәжіліс төрағасы.

Мақұлданған құжатта Үкіметке халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беру ұсынылады. Сонымен қатар, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеу қарастырылған. Осылардың қатарында электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу және электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі көзделеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: