Еліміздегі ең ауқымды «Таза Қазақстан» эко науқанына жол саласының мамандары да белсенді атсалысып жатыр. Жергілікті «ҚазАвтоЖол» АҚ және «КАЖсеривс» ЖШС облыстық филиалдарының қызметкерлері республикалық маңыздағы «Самара-Шымкент» автожолының бойында жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Қызылорда қаласының аумағынан өтетін күре жолдың екі жағынан қаумалап өскен 1000 шаршы метр жердің шөбі шабылып, асфальт жабындысының жиегі тазартылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында жол бойынан 7 тонна қоқыс шығарып, полигонға төгілді.
«Қазір күннің ыстығына қарамастан әр апта сайын филиал қызметкерлері игі бастамаға жұмыла атсалысып келеді. Халықаралық автожолмен тәулігіне 10-15 мың көлік жүреді. Өкінішке қарай, кейбір жолаушылар қоқысты жол жиегіне шашып кетеді. Біз барынша өткен-кеткен жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бір қуантарлығы «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы жол бойында бірте-бірте тазалық мәдениеті қалыптасып келеді. Бұрын аптасына 13-15 тоннаға дейін қоқыс шығарылса, қазір екі есе төмендеді. Яғни, оң нәтиже бар. Жалпы жол бойының таза әрі жүргізушілерге қауіпсіз болуы үшін біздің мамандар тазалық жұмыстарынан бөлек жол белгілерін талапқа сай жаңалап отырады»,- дейді «ҚАЖсеривис» ЖШС ҚОФ директоры Нұрбол Абызбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!