Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батыр баба бұлағының көзі ашылды

19.06.2024, 8:15 179

HALYQLINE.KZ

Сүйінші!

Жаңа ғана әулие әрі батыр Жанқожа Нұрымбетұлы бабамыздың мәңгілік мекеніндегі бейітінің шырақшысы Еркін Сағадин бауырым хабарласып, бейнежазба жолдаған болатын. Қуаныштан толқыған Еркін Иманғалиұлы 2024 жылдың 18 маусымы күні 2 жылдан бері су ақпай тұрған Жанқожа бабамыздың бейіті маңындағы бұлақтың көзі ашылып, ел игілігіне жарағанын айта келе, осы жұмыстың басы-қасында жүрген Қайрақбай Орынбасаров пен өзге де азаматтарға ризашылығын жеткізді.

«Қуаныш бөліссең, көбейеді». Осынау игілікті істі біз де жұртшылыққа жеткізуді жөн санадық. Баршамызға Алла жар болып, Жанқожа бабаның аруағы қолдасын!

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы.

https://www.facebook.com/100014439095130/videos/775121931115615

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: