Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның және аймақтың дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен, автошерумен жалғасты.
Айта кетейік, мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалды.Қала және аудандарда ғимарат терезелеріне, балкондарда Мемлекеттік Ту ілінетін «Туымыз – төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда. Әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.
Өңірде Елтаңба авторларының бірі, жерлесіміз, танымал сәулетші Жандарбек Мәлібековтің, Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбектерін насихаттауға арналған іс-шаралар кең көлемде өткізілуде.
Жазғы балалар лагерлерінде «Отанды сүю-жүректен» атты патриоттық шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, барлық елді мекендердегі «ҚР Рәміздері аллеялары» мен «ҚР Рәміздері алаңдарында» тұрғындардың, жастар мен волонтерлердің қатысуымен шаралар өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!