Қызылорда қаласы бойынша биылғы жылы бекітілген сызбаға сәйкес 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылатын болады.
Оның ішінде: Негізгі дақыл күріш – 3 614 га, бидай – 122 га, қант құмайы – 50 га, жаздық арпа – 2 га, жүгері – 5 га, жаңа жоңышқа – 300 га, ескі жоңышқа – 1 763 га, картоп – 500 га, көкөніс – 1 330 га, бақша – 990 га.
Бүгінгі күнге күріш дақылының 2 950 гектарға егіліп, 2750 гектары суға бастырылды.
Биылғы жылдың егісіне 1033 тонна күріш тұқымы құйылды. Құйылған тұқымының 4.4 пайызы – отандық, 95,6 пайызы – ресейлік сорттар.
«Казагрэкс» АҚ Қызылорда облыстық филиалының мәліметі бойынша, тексеруге түскен 1033 тонна күріш тұқымының, себу дәрежесіне жеткені – 1033 тонна (100 %), оның ішінде 21 тоннасы – (2,0 %) 1-класс.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 157 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда және қажетті дизель отынымен толығымен қамтамасыз етілген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!