Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еңбектің жемісі – елдіктің берекесі

16.05.2024, 15:50 464

HALYQLINE.KZ

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы 500 гектарға жеке тұрғындар тарапынан картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру жоспарлануда.

Бүгін дарқан даланың берекесін молайтқан диқаншы қауымның тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жаңадария ауылдық округіне барды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзіндік ерекшелігі мен сұранысқа ие өнімдерін жұртшылыққа жыл сайын ұсынып отырған егінші қауымның көктемгі дайындығы жылдағыдан қарқынды. Несібесін жер-ананың кең даласынан тапқан ауыл тұрғындарының басым бөлігі ерте көктемнен дән сеуіп, бүгінде қарбыз, қауын өнімдерін жапырақ жайқалтып шығарған.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов адал еңбекті жанына серік еткен еңбеккерлермен кездесіп, егін маусымында мол өнім алу үшін барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Сондай-ақ жаңадан дайындалған тың жерге тұқым тастап, талаптанған диқандарға сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша жоспарланған 500 га жердің 215 га жері дайындалып, 32 га картоп, бақша дақылдары орналастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: