Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Уылдырық-2024»: 29 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

22.04.2024, 16:25 208

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, «Уылдырық-2024» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шараның 22 күнінде балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 29 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ балық аулау қағидаларын бұзу дерегі бойынша жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатындығын ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: