Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғары әскери оқу орындары талапкерлерді қалай қабылдайды?

16.04.2024, 11:15 254

Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) базасында ҰҚК Шекара академиясы (Алматы қ.) және Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының жоғары әскери оқу орындарына оқуға түрлі мамандықтар бойынша талапкерлерді іріктеу мен зерделеу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Талапкерлерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдары мен ҰҚО тиісті нормативтік құқықтық актілерінің негіздерінде жүзеге асырылады. Әскери оқу орындарына:

1) орта немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар;

2) оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер;

3) оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады.

Тестілеу нәтижесі 50 балдан төмен болмайтын келесі пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (білім алған тілінде) бойынша 5 балдан төмен емес, әр бейіндік пән бойынша 5 балдан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелері бойынша сертификат. ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу үшін кандидат жалпы орта білімнің жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білім беруден кейінгі білім беру бағдарламаларының кез келген екі пәнін таңдайды. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Түркия республикасының Анкара қалаларындағы Әскери медициналық академиясына оқуға талапкерлердің бейіндік пәні химия-биология болып саналады. Қалған оқу орындарына шарттар жоғарыда көрсетілген талаптар мен шарттар сақталады.

Қосымша ақпараттарды ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімінің келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: 8 (7242) 29-60-35, 8 (7242) 29-60-36, 8 (7242) 29-61-08.

Фото: inbusiness.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: