Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант»: 3 күнде – 226 құқықбұзушылық

12.04.2024, 9:05 208

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы аумағында 8-10 сәуір аралығында өткен «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде 226 құқықбұзушылық анықталды, Оның ішінде шетел азаматтарымен 154 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 72 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

«Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.

Заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз» дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: