Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтық пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен сарбаздар ерлігі қашанда ел есінде

08.04.2024, 8:50 324

HALYQLINE.KZ

Кеше қаладағы «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу іс-шарасы өтті. Онда қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүгін біздер ұрыс-соғыс оқиғасында қаза болған ағаларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Қазақ – қашанда «Ер – елдің қорғаны» деп, ер-азаматтың қоғам алдында биік бағасын асырып, мерейін тасыта білген халық. Сондықтан, азаматтық пен батырлықтың биік үлгісін көрсеткен сарбаздар ерлігі қашанда ел есінде, – деді Ибадулла Дүйсенбайұлы.

Тағылымды іс-шарада Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды. Іс-шара соңында ардагерлер тал егіп, игі іске жұмыла кірісті.

Айта кету керек, жыл сайын елімізде 7 сәуір Тәжік-Ауған жеріндегі бітімгершілік операциясында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні ретінде аталып өтіледі. 8 жылға созылған әскери қақтығысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысса, оның 46-сы ажал құшты. Майдан даласында 100-ге жуық сарбаз жараланып, бірқатары мүгедек болып елге оралды. Сыр өңірінен 400-ге жуық жерлесіміз аттанып, Отан алдындағы борышын адал атқарды. Отанға қажет кезде жауынгерлік саптан табылған батырларымыздың өмірі бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: