Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сатып алулардың бірыңғай терезесіне тұрақты негізде мониторинг жасау арқылы 130 млн теңгеден астам бюджет қаржатының негізсіз жұмсалу фактісін анықтады.
Атап айтқанда, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімінің аппаратымен жалпы көлемі 7 260 литр «АИ-92» маркалы бензинді 1 литрін 18 303 теңгеге, яғни нарықтық құнынан 100 есе асып, сатып алу жоспарланған.
Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына сатып алу бағасын қайта қарап, оны сәйкестендіру жөнінде ұсыныс хат жолдады.
Атқарылған жұмыстың қорытындысымен 131 млн теңге шамасында бюджет қаражаты үнемделді, әкімдіктің жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!