Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

300 мыңдай сексеуіл көшеті егілді

26.03.2024, 15:30 280


Дүниежүзілік Банктің Кызылорда қаласы аумағында жасыл желек өсіру жобасына сәйкес, 2023 жылдың көктем айында Кызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Тартоғай орманшылығының Қалмас учаскесінде 3000 гектар сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстарын атқарды. Жобаның мақсаты – Кызылорда – Жезқазған автожолы бойында жасыл белдеу жасау.

Бұған қоса осы жылдың 15 наурызынан бастап егілген орман екпелеріне 300 000 дана сексеуіл көшеттермен толықтыру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда сексеуіл екпелерін егу жұмыстары толығымен 100 пайыз орындалды. Басқарма басшысы С.Сермағамбетов учаске басына арнайы барып, қорытынды жұмыстардың нәтижесімен танысты.

Аталған жұмыстарға 3 дана МТЗ тракторы, 2 дана көшет отырғызу қондырғысы, 1 дана Газ-53 автокөлігі және мекемеден 25 қызметкер қатысты.

Қызылорда орман және жануарлар дүниесін

қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: