Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шымкенттің «ең адал полицейі» екі айға қамалды

26.03.2024, 15:20 223

HALYQLINE.KZ

Шымкенттік полицей Азамат Айымбетов тергеу кезінде қамауда отырады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті Азамат Айымбетовті екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. Сот қаулысы күшіне енді» деп хабарлады сейсенбі күні Шымкент қалалық соты.

Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Шымкентте Айымбетов «ақша бопсалады, пара алды» деген күдікпен ұсталған.

2022 жылы Айымбетов өзінің бастығы Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен арыз түсіріп, оны әуе билеттері, жиһаз, шырша және басқа да қымбат сыйлық сатып алуға мәжбүрледі деп айыптаған.

«Мен ішкі істер органдарында 10 жылға жуық жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында менің адалдығыма ешкім күдіктенген емес» деп мәлімдеген Айымбетов.

Оның адвокаты қорғауындағы азаматты «ең адал полицей» деп есептейді. Айымбетов кезінде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің сыйлығына ие болған.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: