Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Күмісбектерге» «кресло» бұйырды, алтын алғандарға ше?

02.03.2024, 17:35 611

Бокстан олимпиаданың «күмісбектері» Головкин, Ділдәбеков және Левит жаңа қызметке тағайындалды. Алтын алған Жиров, Артаев пен Сәрсекбаевқа неге кресло бұйырмады?

Жақында Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, ал Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, Василий Левит Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Олимпиаданың финалында жеңілген спортшылардың жолы болып тұрған сияқты ма?

Бокстан Атланта олимпиадасының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогының иегері Василий Жиров, Афина олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев пен Пекин олимпиадасында топ жарған Бақыт Сәрсекбаевқа неге билік қызмет бермейді?

Еліміздің көк Туы мен Әнұранын олимпиадада шырқатқан оғландарымыз неге тасада қалды?

Бұдан былай спортшыларымыз үшін биік меже – күміс медаль болып кетпей ме?

Айбек Мұханов,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: