Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шымкент қаласы өзінше бір заңмен жүреді»

23.02.2024, 11:15 288

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналысы үстінде әкімдік қызметкерін антикордың алып кеткеніне қатысты пікірін білдірді.

«Сыздықбеков – кішкене жаңа леппен келген әкім. Қызметкерді әкімдіктің жиналысынан алып кеткені көп талқыланып жатыр ғой. Бұл – оның әдісі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу кезінде қоғамға кішкене болса да сигнал бергісі келгені ғой енді. Өзі де айтып отыр, «бірнеше рет сіздерді ескерттім, қоймадыңыздар» деп. Сыбайлас жемқорлықпен әрқайсысымыз әртүрлі сигналмен күресеміз, Парламент трибунасында айтамыз, Парламент Мәжілісінің жалпы жиналысында айтамыз. Әкімдіктің жиналысы Мәжіліс жиналысы сияқты бүкіл Қазақстанға таралмайды ғой. Сол жиналысты пайдаланып солай жасағаны – бұл. Ең бірінші, халыққа құлаққағыс, мен де күресіп жатырмын деген», – деді Мәжіліс депутаты.

Бақытжан Базарбек Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «артық кетіп қалғанын» да айтты.

«Өзінің іс-әрекетінде, мүмкін, кішкене артық кетіп қалған шығар. Жалпы жиналыста емес, заңгер ретінде айта аламын сот шешімі заңды күшіне енбей, ешкімді кінәлі деп есептеуге болмайды. Кінәлі деп айыптауға болмайды. Жеке пікірім, сөзінде артық өтіп кеткен сияқты. Сыбайлас жемқорлықпен басқаша күресу мүмкін емес, бұл сигналды мен де түсіндім, ол – оң сигнал. Бұл жерде Шымкент қаласының әкімін қоғам ретінде қорғап жіберу керек сияқты. Әрине, қоғамды дүрліктермей, тыныш жасауға болатын еді. Антикорға жиналыс уақытында емес, жұмыс уақытында келіп кабинетінен алып кетуге болады ғой. Мен өзім Шымкент қаласының жағдайын өте жақсы білемін. Бірнеше рет тексеріс ашқанбыз. Сыбайлас жемқорлық мәселесі Тәуелсіздік жылдарынан өзекті болған. Шымкенттің жерді табыстау, жерді беру мәселелері Қазақстанның заңына бағына қоймай ма деп ойлаймын. Шымкент қаласы өзінше бір заңмен жүреді. Сыздықбековпен жемқорлықпен күрес күшейеді деп ойламаймын. Сигнал ретінде жеке өзім құптаймын, бәріміз шаршадық жемқорлықтан. Осы Оңтүстік Кореядан президенттерді жиналыстың өзінен келіп алып кеткен, Украинада да, Израильде де сондай жағдайлар бар», – деді Б.Базарбек.

Депутаттың айтуынша, жиналыс үстінен Антикор алып кеткен шенеунік өзінің ақ екенін дәлелдеп шықса, Шымкент қаласының әкімі ұятқа қалады.

«Егер ол азамат адвокат жалдап, адвокаттар оның мемлекеттік ақшаны ұрламағаны, жемегені, ешқандай мемлекеттік мүлікке қол сұқпағанын дәлелдеп шықса сотпен, өте ұят нәрсе шығады. Сондықтан, бұл жерде сондай нәрсе жасар алдында, кішкене сақтықты да ұстанған дұрыс», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: