Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты

20.02.2024, 8:30 265

HALYQLINE.KZ

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев Арал қаласындағы бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Алдымен аудан басшысы «Балдырған», «Толқын» және «Жазира» балабақшаларының ескі ғимараттарын көрді. Бүгінгі таңда, апаттық жағдайда деп танылған балабақшалардағы бүлдіршіндер толығымен жалдамалы уақытша нысанға көшірілген.

Одан соң, «Шанхай» мөлтек ауданында орналасқан көне «Жүйке аурулар бөлімшесінің» ғимаратының ағымдағы жағдайымен танысты. Нысан газбен жылытылған. Алдағы уақытта көне ғимаратты қайта жаңғырту жоспарлануда. Ескі №71 мектеп-интернатының жайымен танысқан аудан басшысы, ғимаратты қала әкімі аппаратының теңгеріміне беру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Бұдан әрі, Аманжол Сақыпұлы қалалық №3 кітапхана мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, «Жалаңтөс Баһадүр» аллеясының және №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жұмысының барысын бағамдады. Мекеме басшылары аудан әкіміне нысандардың бүгінгі тынысымен таныстырып, қажетті қолдаулар мен керекті көмектерді баяндады.

Аралау барысы «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-ның балық өңдеу зауытында жалғасты. 2008 жылы құрылған бұл орталықта қазірде 48 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт жылына 6883 тонна балық өңдеуге қуатталған. Шыққан өнім Ресей, Польша, Нидерланды, Германия, Грузия, Қытайға экспортталып келеді. Орталық директоры Ә.Әйімбетов пен коммерциялық директор Н.Әйімбетов аудан әкіміне зауыттағы балық өндіру, оны сақтау, өңдеу, сату процестерін көрсетіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, аудан басшысы аудандық ветеринариялық станция мен №64 орта мектебінің ескі ғимаратында болып, қазіргі жай-күйімен танысып шықты.

Аралау соңында аудан әкімі жауапты сала басшыларына көне ғимараттарды қалпына келтіру немесе жою, аукционға өткізу бағытында атқарылатын жұмыстарды зерттеп, тиісті іс-шараларды қабылдауды міндеттеді. Мұнымен қоса, аталған ғимараттардың орнына болашақта тұрғындарға арналған демалыс саябақтарын, ипотекалық пәтерлер мен сауда үйлерін орналастыру мүмкіндігін зерделеуді жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: