Бәрі тамаша! Жайлы төсек, жағымды төсек жаймасы, күңгірттеу жарық, сүйікті жар… Некелі жұптардың бір-біріне деген ынтызарлығы да лаулап тұр. Тәтті сүйіс, ыстық құшақтар айқасып, ең бір ләззатты тұсқа жеткенде әлдене кедергі жасап, бәрінің де «быт-шытын» шығарады. Құшақтар ажырап, қалаған ләззатты ала алмай қалған тәннің бойында ыстық қан тулап қала береді. Бұл адамның көңілкүйіне әсер етпей қоймаса керек, деп жазады ERNUR.KZ.
Демек, мұндай жайттың да алдын алған дұрыс. Ал оның қандай жағдайлар екенін білген абзал.
«ТЫДЫҢ-ТЫДЫҢ»
Таныс дыбыс па? Иә, бұл – телефоныңызға тоқтаусыз келіп жатқан хабарламалар. Жүйкеге жайшылықта әсері болмай қоймайтын дыбыстың төсекте жатқанда мүлде шықпағаны дұрыс. Тіпті, дыбыссыз режимге қойсаңыз да жарығы өшіп-жанып, хабар келгенін білдіріп тұратын телефонның бөлмеде болмағаны дұрыс. Әрине, әлдебір шұғыл хабар күткенде болмаса, жайшылықта жыныстық қатынас кезінде смартфон, теледидар, компьютер немесе басқа да гаджеттердің өшірулі болғаны жақсы.
«ПЫР-ПЫРРР»
Үй жануарын жақсы көрген дұрыс та шығар. Бірақ некелі жұптардың төсегінде кедергі келтірмегені дұрыс. Ол асыл тұқымды мысық болсын, тіпті чихуахуа секілді ит немесе тотықұс болса да төсектен тоят табатын бөлмеде олардың бірі де болмағаны жақсы. Егер құшағыңыздағы сүйіктіңіз мысық немесе иттен қорқатын немесе ұнатпайтын болса, онда бөлмеңізде өздеріңізден басқа тіршілік иесінің болмағаны дұрыс болады.
«ІҢГӘ-ІҢГӘ»
Иә, дұрыс түсіндіңіз. Шариғатта да жыныстық қатынасқа түсер жайда баланың болмағаны дұрыс екені айтылған. Әрине, емізулі нәрестенің анасынан бөлек бөлмеде жатуы қиындық тудырады. Дегенмен, некелі жұптардың төсек шаруасына кедергі келтіретіннің бірі бала екенін мойындау қажет. Сол себепті де дайындықты алдын ала жасаған дұрыс. Баланың бөлмесі ең жақын жерде әрі оның ұйықтаған сәбін күткен дұрыс болар.
ӘҢГІМЕҚҰМАРЛЫҚ
Кейбір жұптардың бірі (әйел немесе еркек болсын) әңгімеқұмар болатыны бар. Доллар бағасының өсіп кетуі, күннің суықтығы, әлемде болып жатқан соғыстар, көшенің басында тұратын құрдас келіншектің жаңа көйлегі… Мұның барлығы да жатын \жайда, әсіресе, тән жақындығы сәтінде айтылатын әңгіме емес. Төсектен тоят табатын сәтте тек үнсіздік, тек қабақпен ұғынысу жарасады әрі нәтижесі де жоғары болмақ.
КИНО
Кейде құмарлықты ояту үшін жұптар теледидардан арнайы фильм көруді дұрыс көреді. Бұл да дұрыс емес. Иә, фильм арқылы кейде батылдықты оятуға болады. Бірақ шынайы ләззатты сезініп, оргазмды сезінуге аса пайдалы бола қоймады. Сонымен қатар, ол әдетке айналып кетуі мүмкін. Адамның тәні тоятты табиғи түрде, ешбір күштеусіз, мәжбүрлеусіз алуы керек. Кино көремін де шынайы сезімге кедергі келтірудің жөні жоқ.
ОЙЫНШЫҚ пен ӨЗГЕШЕ «ПОЗА»
Әлбетте, төсек қатынасында бірыңғай әрекеттердің жалықтырып жіберетіні бар. Дегенмен, жаңа әрекетті қолданып көремін деп тәп-тәуір басталған қатынасты бұзып алу да оп-оңай. Сондықтан, «поза өзгертуге» жақсылап дайындалған жөн.
АСЫҒЫС ШАРУАЛАР
Жыныстық қатынасқа тағы бір кедергі келтіретін жайт – уақытты дұрыс таңдамау. Егер кешкісін ауысымға түсер болсаңыз, жұмысқа кетер уақыт таяп қалғандда жатын бөлмеге «шаруа тындыру үшін» кірген де дұрыс болмайды. «Асығыс біткен» тірліктің де көбіне соңы дұрыс бола бермейді. Жұптардың бірі ләззат алып үлгеруі мүмкін, бірақ екіншісіне жайсыз болуы әбден мүмкін.
Дереккөз: lady.tochka.net
Аударған: Ж.БАЙТҰРЫМ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!