Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

06.02.2024, 17:20 186

Роман Скляр Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген жарлықта.

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын «Экономист» мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: