Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сол жағалаудағы көпірдің ортасы 10 см ашық

16.01.2024, 15:20 481

Қызылорда қаласының сол жағалауындағы көпірдің қақ ортасы 10-15 сантимерге ашылған, – деп хабарлайды HALYQLINE.KZ сайты «Kyzylorda news» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көпірдің екі жерінде 10-15 сантиметрге жуық жарықшақ бар. Бұл тосқауылдан жүргізушілер күнделікті өтеді. Себебі сол жағалауға тікелей шығатын көпірдің қызылордалықтар үшін маңызы зор.

Зерттеп қарасақ, дәл осындай жағдаймен алматылықтар да бетбе бет келген. Бұл орайда әкімдік «визуалды тексеру кезінде ауа райының әсерінен саңылау ұлғайғаны анықталды. Алайда бұл көпірді қолдануға кедергі келтірмейтін, қалыпты жағдай саналады. Қыс мезгілінде бетон конструкциялары сығылғандықтан, саңылау кеңейеді, ал жазда керісінше» деп жауап берген. Сондай-ақ, қауіпсіздік үшін жылдамдықты 40 шақырым/сағ ұстануға кеңес берген. Өңірдегі жағдай да осылай өрбуі мүмкін.

Ақпарат: kyzylorda-news.kz

Фото: А.Абимолда


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: