Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзды

16.01.2024, 8:40 263

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы әкімдігіне қарасты екі басқарманың лауазымды тұлғалары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы хабарлады.

Облыс прокуратурасы мал жаюға арналған жайылымдардың жетіспеушілігіне талдау жасап, нәтижесінде мал санының статистикасын қалыптастыру барысында бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

Аталған дерек бойынша прокуратура облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсыну енгізді. Дегенмен, осы басқарманың басшысымен қадағалау актісіне уақытылы жауап берілмегендіктен, ол сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 664-бабымен әкімшілік айыппұл түріндегі жауаптылыққа тартылды.

Өзге жағдайда Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Табиғат қорғау прокуратурасының тексеруге қажетті құжаттарды ұсыну туралы талабына немқұрайды қарап, прокурордың заңды талабын орындамаған.

Аталған әрекет үшін басшысы сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 172 мың теңге айыппұл салынды.

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: