Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ерекше аялдама пайда болды

21.12.2023, 17:50 481

Бұл аялдама – Сыр құтқарушыларының екінші креативті жобасы.

Бұған дейін қала аумағындағы Саламатов көшесі бойында орналасқан өрт сөндіру автокөлігі кабинасынан аялдама жасалған еді.

Аялдама көптің қызығушылығын тудырып ғана қоймай, оқушыларға, тіпті темір тұлпар тізгіншілеріне де өрт қауіпсіздігінен сыр шертеді. Сондай-ақ, «Мен өрт сөндіруші боламын» деп талап білдірген жастарға да нағыз көмекші құралға айналмақ.

– Ерекше аялдама тұрғындар мен қала қонақтары жиі бас сұғатын орталық аймақтың бірі – Жеңіс көшесі бойында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында орналастырылды. Бұл қаланың көркіне креатив сыйлайды әрі сол арқылы өрт сөндірушілердің имиджін көтереді деп ойлаймыз, – дейді Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі» ММ бастығының міндетін атқарушы Нұрбол Исанов.

Осы кездің өзінде қала тұрғындары мен аялдама маңынан өткен әрбір жолаушы фотосуретке түсіп, ерекше әсер алып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: