Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері облыс көлемінде «Киік» ЖПІШ барысында 19 желтоқсан күні сағат 05:40 шамасында көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған «Мерседес» автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен маусым айы 2021 жылы 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 32 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!