Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, жыл басынан облыс көлемінде кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстардың орын алу себептері талқыланды.
Жыл басынан ювеналды полиция қызметкерлерімен біршама жұмыстар атқарылды, оның ішінде «Бала-Заң-Қауіпсіздік» (12-15 қаңтар), «Түнгі қаладағы балалар» (16-18 ақпан, 17-19 шілде), «Жасөспірім» (7-9 маусым, 22-24 қыркүйек), «Мектеп» (26 қазан-2 қараша), «Маргинал» (1-30 қараша), «Құқықтық тәртіп»(20-30 қараша), «Мен және менің полицейім» (17-21 сәуір), «Абайлаңыз балалар» (24 тамыз-30 кыркүйек) жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді.
Аталмыш шаралар нәтижесінде 175 жасөспірім, 119 қолайсыз отбасы есепке алынып, 7 ата-ана сот шешімімен құқықтарынан айырылса, 6 ата-ана құқықтарынан шектелген, 7 жасөспірім девианттық интернатқа жолданса, 2 жасөспірім аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ерекше режимде ұстайтын мектеп инстернатына жатқызылды.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 304 бала орналастырылса, ішкі істер органдарына құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 427 әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, оның түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген 5663 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!