Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қанша қызылордалық медициналық көмек ұйымын ауыстырды?

13.12.2023, 20:30 248

Қызылорда облысында бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына еркін таңдау науқанына 8716 тұрғын қатысты. Олардың 6696-сы тікелей емханада өтініш беру арқылы тіркелді. Ал, 2020-сы egov.kz. порталы арқылы электронды әдісті таңдады. Осы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.

– Жыл сайынғы акцияға облыс бойынша 27 емхана қатысты. Оның 14-і жекеменшік болса, 13-і – мемлекеттік. Науқан денсаулық сақтау ұйымдарының деректер базасында тіркелген. Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуге өтініш білдірген ұйымдар арасында ғана өткізілді. Толық ақпаратты қордың www.fms.kz сайтында «Клиника таңдау» бөлімінде білуге болады, – деді Бақыт Торғайбайұлы.

Жалпы, тіркеу науқаны тұрғындардың емхананы ауыстырудағы жалғыз мүмкіндігі еместігін хабарлаймыз. Кез келген аймақ азаматы жылына бір рет еркін таңдау құқығына ие. Сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырған жағдайда, сондай-ақ, басқа елді мекенге көшкен болса және басқа да жағдайларда емхананы ауыстыруына толық мүмкіндігі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: