Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талай жүректі тілгілеген тізім

07.12.2023, 13:00 839

Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіні VIP жеңгетайдың «списогы» жаулап алды. Әуелі жиырманың о жақ, бұ жағындағы Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі пайдаланып тұратын жігіттердің тізімі тарады. Ол жерде кім жоқ дейсіз, 300 адамның ішінде шенеуніктер, бизнесмендермен қатар әншілер де бар болып шықты. Тіпті, әлеуметтік желіде тізімнен танысын көріп, ерекше таңғалғандарды да кездесті. Артынша, бай-байшыкеш жігіттерге, шалдарға интимдік қызмет көрсететін, секс кештерін ұйымдастыратын модель қыздардың да тізімі  жарияланды. Қоғамда  «Өрімдей  жас  қыздардың  тәнін    сатуын – қоғамның азуы» деп бағалайтындар көп. Сол секілді, «тәрбиенің кері кеткенінің ғана белгісі емес,  негізгі фактор – жұмыссыздық» деп атайтындар, «бұл жайт биліктің жайлы өмір сүру формасын жасап бере алмауынан болып отыр» деп санайтындар бар. Қалай десек те, ақтауға келмейтіндей. Қоғам болған соң түрлі-түрлі пікір жазылады, айтылады. Бірі мұндай тізімді жария қылу жеке басқа өту десе, кейбірі алдағы уақытта жоғары жаққа ұнамай жүргендер де тізімнен табылуы бек мүмкін деп есептейді. Сондықтан, көпшілікті мұндай ресми емес ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Еске салайық, осы жылдың маусым айында Ішкі істер министрлігі Айка есімді жеңгетай-блогерді ұстаған-ды. Сол уақытта «Love Aika»-ның 2022 жылы 209 миллион теңгеден астам пайда тапқаны анықталды.

2000 жылдары демограф Мақаш Тәтімов: «Осы жезөкше деген сөзді қойыңдар. Жабайылық. Бірақ, оларды арнайы профессия ретінде тіркеп, заңдастырып, олардан салық алу керек. Сол кезде ауру да, басқа да тарамайды. Есесіне ұрпақ көбейеді. СПИД пен басқа аурулардың көбейіп жатқаны содан. Заңдастырса, медициналық тексеруден өткен тазалары ғана қалады» деген еді.

Сол уақытта көпшілік бұл пікірге шошына қараған, бірақ соңғы уақытта жезөкшелікті заңдастыру тақырыбы көп қозғалып жүр.

Астана мен Алматыны айтпағанда, Қызылорда қаласында да жезөкшелердің жарнамасы жер «жарып» тұр. «Стоп, трафик!» жедел-профилактикалық іс-шара­сы барысында қызылордалық полицейлер жеңгетайлық қызметпен айналысқандарға қылмыстық іс қозғады.

– «Стоп, трафик!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс көлемінде жеңгетайлық дерегімен  2  қылмыстық іс қозғалды. Және ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық Кодексінің 449-бабымен 22  азаматшаға  жезөкшелікпен айналысқаны үшін хаттама толтырылса, дәл осы Кодекстің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсынғаны үшін 1 азаматшаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс-шара барысында 26 азаматша Ішкі істер министрлігінің арнайы есебіне алынды, – дейді ОПД ҰҚҚКБ бөлім бастығының міндетін атқарушы Сапарәлі Әбдірайымов.

Білетіндер «үлкен қалалардағы кейбір қонақүйлер де эскорт қызметін пайдаланатындардың тізімін шығарса, көп адам өзін табар еді» дейді. Мұндай жағдайда біржақты пікір білдіру де қиын. Бірақ, аталған тізімнің жариялануы бәріне бір белгі бергендей. Тізім көп жүректі тілгіледі, ол да рас. Қалай десек те, қоғамдағы жұмыссыздық пен еңбектің бағаланбауы осы секілді кәсіп түрлерін дамыта береді.

Жезөкшелік – кәдімгі индустрия, ел экономикасының бір тарабы. Әрі жас қыздың иісін аңсайтын шалдар бар да бұл кәсіп әлі біраз жасайды. Нарық заңы секілді, сұраныс бар, демек «тауар» да өтімді.

Ш.ШАТҚАЛ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: