Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Банк тонау!

07.12.2023, 9:20 225

Бірде шалғай бір ауданда баукеспе ұрылар жергілікті банкті тонапты. Біреуі кіреберіс­те тұрып айғай сапты: «Қимылдамаңдар! Ақша – банктікі. Ал, өмір – өздеріңдікі!»

Банктің ішіндегілер ләм-мим демей жерге жата кетеді.

Бұл сөз өмір туралы пікірді қалай өзгертетінін көрсетті.

Бір әйел үстелдің үстіне екі бұтын талтайтып, ыңғайсыздау жатып қалған екен. Бірақ ұры оған: «Бұл – тонау. Зорлау емес. Денеңді бос ұста» депті.

Бұл әккі қылмыскердің тек өз мақсатын ғана көздейтінін көрсетеді.

Тонап болған соң қашады. Қашып бара жатып ең жас ұрлықшы (оның да өзінің академиялық дәрежесі бар) араларындағы бастауыш мектепті әзер бітірген қарияларына айтады дейді: «Ей, шал, қанша алғанымызды санасақ қайтеді?» деп. Шал оған қатуланып: «Ақымақ болма, санап отырарлықтай емес, бұл – қомақты ақша. Ертеңгі жаңалықтарда банк қанша жоғалт­қанын айтады»  дейді.

Бұның  аты – тәжірибе, бүгінгі таңда тәжірибе дәрежеден артық.

Тонаушылар қара батырған соң банктің директоры есепшісін шақырып алып, полицияға хабарлатады. Есепші оған: «Тоқтай тұр, ұрланған  сомаға өткен айда жымқырған 5 миллионды қосайық, оларды да ұрлап кетті делік» депті.

Бұның  аты – кез келген мүмкіндікті пайдалану.

Ертесі  жаңалықтарда  банктің 100 миллионға  тоналғаны  туралы  ақпар  берілді. Ұрылар тонаған  ақшаларын  санап, тек  20 миллион екеніне көз жеткізеді. Ұрылар өзара күңкілдей бастайды: «Банктің иесі кірпік қақпастан 80 миллионды қымқырып қалды ғой, ә? Бұлай баукеспе ұры бола бергенше жүйенің қалай жұмыс істейтінін зерттеу керек екен» депті.

Бұның аты – күш-білімде!

Банктің директоры әбден разы еді. Әсіресе, биржада жоғалтқан қаржысын ұрыларға жаба салғанына дән риза.

Бұл – тәуекел етуден қорықпау деген сөз.

Адамға тапанша берсең, банк тонайды.

Банк берсең, бәріңді тонайды!

Аударған  Шынар  ӘБІЛДА

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: