Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде

04.12.2023, 21:50 262

Облыста қысқы мезгілге дайындық жұмыстары қызу жүруде. Әсіресе, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың дайындығы қатаң бақылануда. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров негізгі дайындық жұмыстарына тоқталып өтті.

– Бүгінде қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін 143 бірлік техника және 118 түрлі қуаттылықтағы дербес электрмен жабдықтау көздері дайындыққа келтірілді. Одан бөлек, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың дайындығын пысықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, облыстың солтүстік өңірінде ұзындығы 26 км болатын қарлы учаске бар. Осыған сәйкес, облыс аумағындағы автожолдар бойында қар құрсауында қалған азаматтарға арналған 12 жылыту пункті жұмыс істейді. Қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жоюға арналған негізгі құралдар жоғары дайындықтан өткізілді. Атап айтқанда, ТЖД қызметінде 114 бірлік техника бар болса, оның негізгісі – 56, арнайы құрал – 12, 46 қосалқы құрал әзірленген. Оқыс оқиға орын алған жағдайда шұғыл және жедел шығу үшін 19 бірлік жоғары өтімді техника және жеке құрамның 92 қызметкері толықтай дайын, – деді Бекболат Әбдіқадырұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: