Жаздың алғашқы айларында Түркияда үлкен жер сілкінісі болды. Ислам дінінің өркениеті болған өңірде бұл уақытта түрлі тылсым оқиға болып жатты. Қиранды астында қалған қаншама адам көз жұмып, мыңдаған отбасы қара жамылды. Ауыр жағдайда ауруханаға түскендері де жетерлік. Бірақ, осы зілзаланың алғашқы күні үйінді астында қалған жас баланың оқиғасын баяндап берейік. Қалың көпшілікті таңғалдырған Мұсаб есімді жеткіншек қирандының түбінде жиырма күнге жуық уақыт бойы қалып қойған. Бұл уақытта оған ешкімнің не су, не тамақ апарып беретін мүмкіндігі болмады.
Бірақ, Мұсаб жер сілкінген күннен бастап, өзін әлдебіреудің тамақтандырып отырғанын айтады. Осы оқиғаны ол былай баяндады.
– Ештеңе білмей қалдым. Көзімді ашсам, тас қараңғы, тынысым да тарылып бара жатты. Үстімді ауыр нәрсенің басып тұрғанын білдім. Жаныма батқан бұл дүние қозғалуыма мүмкіндік бермеді. Ең бірінші анамды іздеп жыладым. Ешкім үндемейді. Қараңғыдан қорықсам да, қайта ұйықтай алмадым. Бірақ белгісіз біреу мені күн сайын жұбатып, тостағанмен тамақ әкеліп тұрды. Ол тамақ берген кезде айналам жарық болып тұрады. Ал тамақтанып болған соң, баяғы күйге енемін. Ол маған «сені бұл жерден шығарып алады, сәл шыда» деп күнде айтып отыратын. Осының арқасында аман қалдым. Рақмет мені тауып алғандарыңызға, рақмет, мені тамақтандырған жан, – деді 6-7 жастағы бала.
Мұсабтан көрген адамының түрін сипаттауды өтінгенде, ол адамның түрін көрмегенін айтып, тек дауысын естіп, жарық жаққанын ғана білетінін жеткізді. Періштелер адам баласын тамақтандырады дегенді естігенде, таңданыс тудырғанымыз анық. Бірақ бұл дүниелер жиі болмайды. Әрі дәл осылай адам баласына көрінуі қайталанбайтын сәт. Осы оқиғаны естігендердің кейбірі сенді, ал кейбірі сенбеді. Солай баланың асқазанындағы тамаққа сараптама жасағанда, соңғы жиырма күнде оның ештеңе жемегені және тамақ қалдықтары жиырма күннен бері тұрғаны расталды. Бұл бізге тылсым дүниелердің бар екенін көптеп аңғартады. Тылсымға сеніңіз демейміз, онсыз да ол болып жатыр. Тек, оған қарсы келмеңіз…
Е.СӘРСЕНҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!