Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Министрлер мен әкімдердің де балалары әскерге баруы тиіс» – Ринат Зайыт

27.10.2026, 15:15 41

HALYQLINE.KZ

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің балалары да әскерге баруы керек деп есептейді. Бұл туралы ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Ринат Зайыт депутат болып жүрген кезінде көтерген бастамасынан бас тартпайтынын жеткізді. Оның пікірінше, әділетті қоғамда Отан алдындағы борыш барлық азаматқа бірдей болуы тиіс.

«Министрдің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің де баласы әскерге барып келсін. Екі айға, үш айға, тіпті бір жылға барсын. Мемлекеттік қызметші болғың келе ме, әкім немесе депутат болғың келе ме – онда балаңды әскерге жібер. Қойшының баласын жіберіп қойып, «менің балам бармайды» деу – әділетті қоғам қағидасына мүлде қайшы», — деді Ринат Зайыт.

Оның айтуынша, әскери қызметке қатысты талаптар азаматтардың әлеуметтік жағдайына немесе ата-анасының лауазымына қарай ерекшеленбеуі керек.

Айта кетейік, Ринат Зайыт қазір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын басқарады. Орталық әскери-мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен және жастар арасында отансүйгіштік тәрбиені дамыту жұмыстарымен айналысады.

Дәурен  ОМАРОВ

Фото:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: