Бүгінгі сатира
«Шыныңызды айтыңыз!» деген ютуб каналдың блогері шақырған соң, шайымды ішпей, жетіп барайын. Белгілі тарихшымын ғой, тілшінің тентек сұрақтары ұнамады.
– Аға, белгілі тарихшысыз. Арақ ішесіз бе?
– Қарағым, «а» дегеннен арақ туралы сұрағаның қызық екен! Ішпеймін, сен өзі қазақ тарихы туралы сұрақтар қойсаңшы?
– Арам адамсыз ба, адал адамсыз ба?
– Сен не, тергеушісің бе? – деп шамдандым, – тарих туралы сұрақ қой деймін.
– Тарихтың орысшасын білесіз бе?
– История.
– Ағылшынша?
– Сен бала, болмайтын сұрақтармен сабалама! Білімің жетпейді ме, сұхбатқа бекер шақырма!
Тілші ұялы телефонына қарап отырып:
– Жұмыртқа бұрын пайда болды ма, тауық бұрын пайда болды ма? – деп сұрады.
– Осы да сұрақ па?
– Қыста мәйкі киесіз бе?
– Әй, Дорбабаев! – дедім мен қалшылдап.
– Ол кім, аға?
– Дорбабаевсың сен!
– Ол кім деймін? Депутат па?
– Бекболат Тілеухан деген біреу сұхбат беріп отырып, «Дорбабаевсың ба?» деді ғой тілшіге! Орысшасы далба… айтуға ұялып отырмын! Дорбабаевсың!
– Аға, нервный болып кетіпсіз.
– Дорбабаевсың ба, айтшы?
– Аға, нервный болып кетіпсіз.
– Жоқ, Дорбабаевсың ба деймін? Дорбабаевсың ғой?
– Жоқ. Дайрабаевпын.
– Дайрабаев, сен Дорбабаевсың ба?
– Неге менің намысыма тидіңіз, аға?
– Әй, бір кездері парламент мәжілісінің депутаты болған, халықтың қамын ойлап жүрді, термеші, білімді деп жүрген Бекболат Тілеуханның өзі тілшіге: «Дорбабаевсың ба?» деп дегбірін алғанда, деңгейінің салақ әйелдің етегіне түсіп кеткенін білген соң, айтып отырмын! Осындай сөз айтатын ол қалай халық қалаулысы болып кетті? Біздің билікте Дорбабаевтар көп! Экс-экономика министрі Дорбабаев әйелін ұрып өлтірді, бір полиция бастығы қыз зорлады! Өңшең Дорбабаевтар! Сау бол! – деп тұрып кеттім.
Кетерімде Дорбабаев блогердің желкесінен ұрып кеттім. Сол бойы, блогерлерге жоламай, құрып кеттім! Өңшең, Дорбабаевтар!
Мұхтар ШЕРІМ,
Шымкент қаласы
Карикатура: anekdot.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!