Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талқыда – құрылыс мәселелері

14.11.2023, 8:25 217

HALYQLINE.KZ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен құрылыс мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Облыстық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері өңірде салынатын нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның ішінде, қарқыны баяу, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспары орындалмау қаупі бар нысандар бойынша жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы салынатын құрылыс нысандарының ең алдымен сапалы болуын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Үкімет басшысы ай сайын әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындыларын тұрақты қарап келеді. Негізі 9 ай қорытындысына мән беріледі және жылдық болжам нақтыланады. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің 100 пайыздан аса орындалуы үшін әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшісі және әкімдер бірлесіп жұмыс істеуі қажет.

Сондай-ақ, жоспарланған қаражат 100 пайыз мақсатты және уақытылы игерілуі тиіс. Осы бастан тауар жеткізушілермен, мердігерлермен заң аясында тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Ұлттық жобалар мен бағдарламалардағы өңірге қатысты көрсеткіштердің орындалуын тікелей қадағалаңыздар!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұнан бөлек, облыс әкімі елді мекендердегі санитарлық тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. Қала және аудан әкімдеріне аппарат инспекторлары анықтаған кемшіліктерді қалпына келтіріп, қорытындысын облыс әкімі аппаратына шұғыл жолдауды міндеттеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: