Аймақта мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың Х облыстық «Жүрек жылуы» атты өнер байқауы өтті.
Конкурстың мақсаты – ерекше балалар мен жастардың өнердің түрлі саласында шығармашылық қабілетін анықтап, бағыт-бағдар беру, өнерлі балаларды халық арасына кеңінен насихаттау және оларға көмек қолын ұсыну.
Іс-шараға Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов қатысып, дарынды балаларға сәттілік тіледі.
Өнер сайысына облыс аумағынан 300-ге тарта қатысушы өнердің 6 түрінен сайысқа түсті. Байқауға облысымызға белгілі өнер иелері қазылық жасап, үздіктерді анықтап, тағайындалған жүлделерді табыс етті.
Дарында балалар мен жастарға шығармашылық шабыт тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!